Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер велосипед ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 58 жастағы облыс тұрғынын ұстады

Қызылордалық полицейлер велосипед ұрлаған күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қазан күні Қызылорда қаласының полицейлері велосипед ұрлығы бойынша күдікті азаматты қылмыстың ізін суытпай қолға түсірді.

Жеңіл олжаға кенелгісі келген азамат бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 58 жастағы облыс тұрғыны болып шықты. Ұсталған азамат Қызылорда қаласы Хон Бен До көшесі бойында орналасқан «Океан Сити» көтерме дүкенінің алдында тұрған «Стелс» маркалы велосипедті ұрлап кеткен.

Қазіргі уақытта күдіктінің облыс орталығының аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ұрланған велосипед иесіне қайтарылды.

Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру