Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер жаңа жылдық безендірулерді қиратқан бұзақыларды оқиға орнында ұстады

Бүгін тәртіп сақшылары «ізін суытпай» үш бұзақыны ұстады. Таңғы сағат 06:45 шамасында Қызылорда қаласының 20 – 26 жас аралығындағы үш азамат жеңіл автокөлікпен облыс орталығындағы Орталық алаңға барып, Жаңа жылдық шырша маңында безендірілген үйшікті сындырып, бұзақылық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Бұзақылардың жедел ұсталуына бейнекамера себеп болды. Оқиға орнына дереу аттанған полиция наряды оқиға орнында 3 бұзақыны ұстап, автокөлікті айып алаңына қойды. Қоғамдық тәртіпке қарсы жасалған әрекет үшін ұсталған азаматтар тиісті жазасын алатын болады.

Өз кезегінде, бейнебақылау камералары жүйесінің тиімділігі арқасында ұсталған жас жігіттер өкінетіндіктерін айтып, қала тұрғындарынан кешірім сұрады.

Айта кетерлік жайт, бүгінгі таңда облыс аумағында «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы өтуде.

Құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту, жолын кесу мақсатында өтіп жатқан шара барысында патрульдік полиция нарядтарының тығыздығы ұлғайтылып, күшейтілген түрде қызмет атқаруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру