Қызылордалық ұры интернет-банкингті қолданған
Қызылордада біреудің сеніміне кіру арқылы интернет-банкингті қолданып, оның ақшасын жымқырған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қаңтар күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 24 жастағы қала тұрғыны арызданды. Арызданушы 22 қаңтар күні кешкілік уақытта белгісіз біреудің компьютерлік ойын клубының ішінде ұялы телефонын қоңырау шалу үшін сұрап алып, интернет-банкинг арқылы ақшасын аударып алғаны туралы айтты. Келтірілген шығын 20 000 теңге.
Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысты жасаған 1998 жылы туған жұмыссыз қала тұрғыны ұсталды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қызылорда қаласының Полиция басқармасы алаяқтардың құрбаны болмау үшін сақтық шараларын сақтауды сұрайды.