Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорданың тергеу изоляторында әр сәлем-сауқат қатаң тексеріспен қабылданады

Қызылорданың тергеу изоляторында әр сәлем-сауқат қатаң тексеріспен қабылданады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының Төлеби көшесінде орналасқан ЗК-169/1 мекемесіне күнде келушілер саны көп. Себебі мекемеде қамауда жатқан азаматтарға туыстары тарапынан сәлем-сауқат қабылданады. Адамдардың көбі дүйсенбі-жұма күндері келеді. Сенбі, жексенбі болса, түскі уақытқа дейін қабылданады.

Мекеменің кіре беріс бөлігінде алғашқы бақылау пункті орналасқан. Онда келушілердің сәлем-сауқат қабылдау кестесі, қабылдау тәртібі орналасқан. Кестеге сәйкес сағат 08.30-12.00 және 15.00-18.45 сәлем-сауқат қабылданады.

– Күнде елуге жуық сәлем-сауқат қабылданады. Біз алдымен елдегі жағдайға байланысты тұрғындардан карантин тәртібін сақтауын өтінеміз. Одан соң жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс. Сонымен бірге, өткізу бекетінде қол жүгі тексеріледі. Ренген-сканер құрылғысы арқылы әр зат мұқият бақыланады, – деді мекеменің режим және күзет бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі Ерлан Ибраев.

Тиым салынған заттардың ішке өтіп кетуіне жол берілмейді. Бұл қадағалаулардан кейін, азаматтардың өздері де тексерістен өтіп, ішкі ғимаратқа кіруге рұқсат алады.

– Сәлем-сауқатты қараудың да өз тәртібі бар. Тізім бойынша қабылданып, нан мен шұжық бірнеше жерден кесіліп, жеміс-жидектер ортасынан бөлінеді.  Қораптағы шай ыдысқа аударылып, тәттілердің сыртқы қорапшалары ашылып, қатаң тексеруден өтеді, – дейді РжКБ-нің бақылаушысы Мақсат Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру