Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рақымшылық: Павлодар облысында 11 сотталғанның ісі қаралды

Павлодар облысында 11 сотталғанның ісі қаралды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Рақымшылық туралы” ҚР Заңын жүзеге асыру аясында Тереңкөл аудандық сотымен Тереңкөл ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға қатысты материалдар қаралды.
Сот барлығы 11 материалды қарады, оның ішінде: 2 адам жазасын әрі қарай өтеуден босатылды, оның ішінде 1 сотталған онша ауыр емес қылмыс жасаған; 1 сотталған орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған; 8 сотталғанның жаза мерзімі үштен бір бөлігіне қысқартылды; 1 сотталғанның жаза мерзімі төрттен бір бөлігіне қысқартылды.

Рақымшылықты қолдану қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіруге және түзелу жолына түскен азаматтарды табысты әлеуметтендіруге жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырудағы маңызды қадам болды.

— Рақымшылық актісін қолдану — бұл түзелу жолына түскендерге берілген үлкен мүмкіндік пен сенім. Біздің басты міндетіміз — сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне көмектесу және олардың қайтадан құқық бұзушылық жасауына жол бермеу, — деп атап өтті Тереңкөл ауданының пробация қызметінің бастығы Мақпал Темірханова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру