Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ресей азаматтары тәртіп сақшыларына алғысын білдірді

Ресей Федерациясы Челябинск қаласының тұрғындары қостанайлық полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасына тап болған Ресей тұрғындарына Қостанай облысы Федоров ауданының полицейлері көмек көрсеткен.

Рудный қаласына қонаққа келген ресейлік отбасының көлігі Қостанай облысының Федоров ауданы Владыкин ауылының маңында жүргізушінің көлікті игере алмай қалуының салдарынан жол жиегіне шығып кеткен.

Оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция қызметкері Аманжол Кенескенов келді. Ол жүргізуші мен оның жұбайына көмек көрсетіп, “Рено” көлігін тасымалдау үшін эвакуатор шақырған.

Инна Амоскина Федоров ауданы полиция бөлімінің бастығына жолдаған хатында тәртіп сақшыларына қамқорлығы үшін алғысын білдірді.

– Полиция қызметкері А.Кенескенов бізді қиындықта қалдырмады, сол үшін алғысымды білдіремін, – деп атап өтті И.Амоскина.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру