Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Режим бұзған 218 тұрғынға айыппұл салынды

Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде 928 тәртіп бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

24 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 928 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 891 құқық бұзушылық, оның ішінде 175 адам қамауға алынды218 адамға айыппұл салынды, 3461 ескерту жасалды, 2материал сотқа жіберілді.

ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 3бұзушылық анықталды, оның ішінде 19 айыппұл салынды, 18 қамауға алынды.

Әуеқалашық ауданында полицейлер 34 жастағы ер адамды тоқтатты, ол қоғамдық орында мас күйінде карантин режимін бұзған. Ер адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы 6-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік сот құқық бұзушы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Тұрғындардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтардың саны 50-ге жетті. Сонымен қатар 140-тан астам автокөлік айыппұл тұрағына жабылды.

Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру