Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудныйда сарайдан өрт шықты

Қостанай облысы Рудный қаласында сарай жанып, өрт 220 шаршы метрді құрады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 маусым 06 сағат 33 минутта Рудный қаласы 2–МӨСБ байланыс пультіне Рудный қ., Горняцкий к. мекен-жайы бойынша аула құрылыстарының (сарайдың) жанғаны туралы хабар келіп түсті.

Шақырту орнына тез арада №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі шықты, келген бойда ашық отпен аула құрылыстары қамтылғаны анықталды. Өрттің жалпы аумағы 220 шаршы метрді құрады. Өрт 12 ғимарат пен “Ваз”, “Ауди” маркалы автокөліктерін зақымдап, жойды.

Өртті сөндіруге Рудный қаласы 2-МӨСБ төрт бірлік техника мен жеке құрамның 21 адамы қатысты, сонымен қатар көмекке “ССКӨБ” АҚ МЕӨҚҚ үш бірлік техника мен жеке құрамның 11 адамы шықты.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және батыл әрекеттерінің арқасында қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Рудный қ. 2-МӨСБ жеке құрамының қабылдаған шараларымен өрт 08 сағат 20 минутта ауыздықталып, 08 сағат 41 минутта жойылды. Өрт болған жерге өрттің себептерін анықтау үшін зерттеу өрт сынау зертханасы жіберілді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру