Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сағыныш пен өкініш: Абай облысында сотталғандар жақындарына хат жазды

Абай облысында сотталғандар жақындарына хат жазып, алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысындағы ҚАЖ мекемесінде ерекше акция ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар туыстарына, оларға сенім артқан, қолдау көрсеткен, жанында болған жақындарына алғыс хатын жазды.

Хат жазу барысында бір сотталған көз жасына ерік берді. Мекеме психологтарымен сөйлесу кезінде ол ішкі ойлары мен сезімдерін ашып, өкінішін жеткізді.

– Мен – 68 жастамын. Алаяқтық жасағаным үшін сегіз жылға сотталдым. Қызыма хат жаздым. Оның үйлену тойында жанында бола алмағаныма өкінемін. Қызымды жаңа қадамымен құттықтап, кешірім сұрадым. Қазір төрт балам бар, олардың әрқайсысының өз отбасы бар. Кенже қызым да тұрмысқа шықты. Екі жылдан кейін бостандыққа шығамын, мүмкін немерелерім де болады. Балаларыма үлгілі әке бола алмадым, бірақ немерелеріме сүйікті ата боламын деп үміттенемін, — деді сотталған.

Шараға қатысқан адамдар бұл оқиғадан терең әсер алды. Өткенге өкініш, жоғалған сәттердің ауыртпалығы және болашаққа үміт бір мезетте сезілді.

– Осындай іс-шаралар сотталғандарға өз әрекеттерін бағалап, жақындарымен байланысын үзбеуге мүмкіндік береді, — деді мекеме психологы Құралай Иксанова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру