Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сайрамдық полицейлер өзгенің атынан несие рәсімдеген күдіктіні құрықтады

Сайрамдық полицейлер өзгенің атынан несиелік ұйымдардың бірінен қарыз алған күдікті жас жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекші бөлімге жергілікті тұрғындардың бірі алаяқтық қылмысы бойынша шағымданған. Жәбірленуші өз арызында оның үйіне таныс емес адам келіп, спутниктік теледидарды қайта тіркеп беремін деген сылтаумен жеке құжаттарын алып кеткенін көрсеткен. Содан кейін алаяқ телефон арқылы ауыл тұрғынының атынан микроқаржы ұйымдарының бірінен 100 мың теңгеге несие рәсімдегені белгілі болды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында сайрамдық криминалдық полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталған Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты. Күдікті оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу күдіктінің басқа да алаяқтық әрекеттерге қатысы бар-жоғын анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру