Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ер адам желімдеу орталығынан жүк көліктің 18 дөңгелегін жымқырған 

Түркістан облысында ер адам желімдеу орталығынан жүк көліктің 18 дөңгелегін жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның өзі жұмыс жасайтын желімдеу орталығынан әрқайсысы 40 мың теңге тұратын жүк көліктің 18 дөңгелегін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 720 мың теңгені құрады.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Сайрамдық полицейлер орын алған ұрлық қылмысын тез арада ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды түгел тексеріп шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Соның нәтижесінде, күдіктінің мекенжайы анықталып, ол небәрі 20 минут ішінде өз үйінен ұсталды.

Өз жауабында ұсталған ер адам жеңіл жолмен ақша табу мақсатында осындай қылмысқа барғанын мойындады. Белгілі болғандай, ол жиі өтетін көшелердің біріндегі желімдеу орталығынан қараусыз жатқан дөңгелектерді байқаған. Содан арам ойын іске асыру үшін түнгі уақытта ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, күнде бір дөңгелек ұрлап отырған. Ұрланған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру