Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Тенгиз мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамыз”: Қызылорда облысында 16 тұрғынды алдап соққан алаяқтар құрықталды

Қызылорда облысында Тенгиз мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамыз деп 16 тұрғынды алдап соққан алаяқтар құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 мамырда 16 тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны туралы Байқоңыр полициясына арызданған. Осы жылдың наурыз-сәуір айларында екі азаматша WhatsApp мессенджері арқылы топ құрамында ақшалай сыйақымен Атырау қаласындағы Тенгиз мұнай компаниясына жұмысқа орналастырып береміз деп сенімдеріне кіріп, әр біреуінен 150-200 мың теңге аралығында ақшаларын Kaspi Gold есеп шоттарына аудартып алған. Жәбірленушілерге келген шығын үш млн теңгеге жуықтаған.

Бірақ осы күнге дейін уәделерін орындамаған, ақшаларын қайтармаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтық қылмысына күдіктелген екі азаматша анықталып, ұсталды. Олар екеуі де Қызылорда облысының тумасы болып шықты.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190- бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру