Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Салонда 7 адам болған”: мас павлодарлық полициядан қашпақ болып, қоршауға соғылды

Павлодарда мас жүргізуші полициядан қашпақ болып, қоршауға соғылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 тамыз күні сағат 03.50-де Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері әуежайға барар жолда Hyundai Santa Fe автокөлігін тоқтатты. Жүргізушімен сөйлескен кезде полицейлер 37 жастағы ер адамнан алкогольдің иісі шыққанын байқады. Осыған байланысты тәртіп сақшысы одан көліктен шығуын өтінді, бірақ ол талапты елемей, полициядан жасырынуды шешіп, қашпақшы болды.

– Содан кейін жүргізуші қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, тас жиекке соғылып, салдарынан жол белгісіне шығып кетті. Бұл да оны тоқтата алмады. Полициядан жасырынуды жалғастыра отырып, әуежай ғимаратының жанында ол қоршауға келіп соғылды, – деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Алтынбек Медияров.

Көлікте жүргізушімен бірге 6 жолаушы болған, олардың соққыдан жарақат алғаны белгілі болды. Дәрігерлері тексергеннен кейін қыздар мен жігіттер ауруханаға жатқызылудан бас тартты.

Жүргізуші өзі медициналық куәландыруды жүргізу үшін уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді, онда алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі анықталды. Оның айтуынша, жауапкершіліктен құтыламын деп үміттеніп, полициядан қашқан. Бірақ тәртіп бұзушы полицияның мұқият назарынан құтыла алмады.

Өзінің ойланбаған әрекеттері үшін жүргізуші ҚР ӘҚБК 608-бабының 3-бөлігі және 613-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді жазаны сот анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру