Салық төлеуден жалтарып жүрген жеке тұлғалар бойынша рейд өтуде
Шымкентте салық төлеуден жалтарып жүрген жеке тұлғалардың берешектерін өндіру жұмыстары атқарылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы бойынша Кіріс департаменті, қалалық өңірлік жеке сот орындаушылар палатасы және Шымкент қаласы Полиция департаметінің бірлескен меморандумы түзіліп, берешегі бар жеке тұлғалардан мемлекет қазынасына берешектерін өндіру мақсатында 9 қазан бірлескен топ құрылып, қала аумағында төрт ауданға жылжымалы бекеттерге бөлініп, салық төлеуден жалтарып жүрген тұлғалар бойынша рейдтік іс-шаралар атқарылуда.
3 қараша іс-шара барысында жалпы 312 жеке тұлғалардың автокөліктері тоқтатылып, тексерілді. Оның ішінде 23 автокөлік айыптұраққа жеткізілмей берешектері өз орнында өндірілді, ал автокөлік айыптұраққа қойылмады.
Жалпы іс-шара басталғалы 22 млн 232 мың 093 теңге, ал 3 қараша 1 млн 214 мың 097 теңге жеке тұлғалардың берешегі мемлекет бюджетіне өндірілді. Тексеру жұмыстары жалғасуда.