Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация есебінде тұрған сотталғандар ақылы жұмысқа орналастырылған

Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің бірқатар пробация қызметтерінің есебінде тұрған сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тарту кезеңінде, өздерінің еңбек сүйгіштігі және жеке ынталары негізінде ақылы жұмысқа орналастырылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың басынан бастап Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің аймақтық пробация қызметтерінде ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандары үшін 723 сотталған адам қоғамдық жұмыстарға тартылған. Қазіргі таңда 96 сотталған азаматтар қоғамдық жұмыс түріндегі тағайындалған жазаларын тұрғылықты жерлері бойынша әкімдіктерде өтеп жүр.

– Шарт талаптарына сәйкес, жергілікті әкімдік атқарушы орган ретінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамдық жұмыстарға тартады, сондай-ақ, жұмыс істеген уақыттың табелін жүргізіп, пробация қызметіне жазаны өтеушілердің жүріс-тұрысы, жазаны өтеуден бас тартқандары туралы ақпарат беріп отырады. Бұл сотталғандардың еңбегін қоғам пайдасына қолдануға мүмкіндік береді, – деді аймақтық пробация қызметтеріне бақылау жасау бөлімінің бастығы Рашид Ержігітов.

Сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тарту, ол – әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да және өзге адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алуға негізделген. Оның нәтижесі де анық.

Биылғы жылы өздерінің мәжбүрлі еңбекке тарту түріндегі жазасын өтеп жатқан орындарында жұмыс істеп жүрген сотталғандар тарапынан ақылы қоғамдық жұмысқа орналастыруға ықпал ету туралы Панфилов аудандық пробация қызметі бөліміне бірқатар сотталғандар өтінішпен жүгінген болатын. Нәтижесінде Панфилов аудандық пробация қызметінің есебіндегі төрт сотталған тұрақты жұмыс орнымен қамтылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру