Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш АПБ-нің полицейлері жаяу жүргіншіден есірткі затын анықтады

Сарыағаш АПБ-нің полицейлері жаяу жүргіншіден есірткі затын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жолда рейд жүргізу барысында, Сарыағаш қаласы Ермеков көшесінің бойында жолда күдік тудырған жаяу жүргіншіні көріп, тоқтатады.

Содан полицейлер азматтан жеке басын анықтайтын құжатын сұраған. Алайда еркек жеке куәліктерін көрсете алмаған. Сондай-ақ полицейлер тексеру барысында күдіктінің күртешесінен қара пакетке оралған жасыл түсті шөпті байқайды.

Сарыағаштық полицейлер алынған жасыл түсті шөпті сараптамаға жолдады. Сараптама нәтижесі бойынша алынған өсімдік хош иісі бар “марихуана” болып шықты. Салмағы үш грамм.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, басқа да қылмыстық істерге қатысы бар жоқтығы анықталуда. Бүгінгі таңда күдіктінің бас шарасы келу туралы міндеттемеде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру