Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш полицейлері танысының скутерін ұрлаған күдіктіні анықтады

Сарыағаш полицейлері ұрланған скутерді тауып, иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары кезінде 39 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

Анықталғандай, күдікті танысын жол бойында жолықтырған. Содан оның электроскутерді бір айналып келемін деп сұрап, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жәбірленушіге 160 мың теңге шығын келтірген.

Полиция қызметкерлері ұрланған скутерді дер кезінде күдіктінің тұрғылықты жерінен тәркілеп, заңды иесіне табыстады.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру