Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш тұрғыны танысын мүгедектік зейнеткерлігіне шығарып беремін деп алдаған

Сарыағаш тұрғыны танысын мүгедектік зейнеткерлігіне шығарып беремін деп алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданған. Ол өз арызында таныс әйел мүгедектік зейнеткерлігіне шығарып беремін деп сеніміне кіріп, алдын ала 350 мың теңге ақшасын алып, алдап келген.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын алаяқтығы үшін сотталған сарыағаштық жұмыссыз әйел болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті алған ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда кінәсін мойындаған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру