Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғынынан 90 келіден астам заңсыз ауланған балық алынды

Түркістан облысының тұрғынынан 90 келіден астам заңсыз ауланған балық алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Браконьерлік пен заңсыз балық аулау деректерінің алдын алуға бағытталған “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шардара аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Шардара – Келес тас жолында күдік тудырған ВАЗ автокөлігін тоқтатты. Құжаттарын тексеру кезінде полицейлер Шардара ауданының тұрғынының көлігінен 90 келіден астам заңсыз ауланған балық, сондай-ақ 400 метр балық аулау торын тапты.

Белгілі болғандай, ер адам Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаған. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру) бойынша тіркелді.

Браконьерден заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Түркістан облысының полицейлері азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру