Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта тұрғынның көлік бөлшектерін жымқырған ер адам анықталды

Сарыағашта тұрғынның көлік бөлшектерін жымқырған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш ПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Ер адамның айтуынша, сағат 01:00 шамасында оның тұрғын-үйінің жанында тұрған көлігінің бөлшектері мен арбасын белгісіз біреу жасырын түрде жымқырып кеткен. Жәбірленуші азаматқа келтірілген шығын көлемі – 150 мың теңге.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. 

Сарыағаштық полицейлер күдіктіні ұстау мақсатында жедел-тергеу тобын құрып, куәлардан жауап алды. Жақын аумақтарды мұқият қарап шықты. Нәтижесінде жергілікті тұрғын, жұмыссыз орта жастағы азамат анықталды. 

Белгілі болғандай, күдікті түнгі уақытта жәбірленушінің үйінің алдынан өтіп бара жатып, арбаға көзі түседі. Содан ол арба мен автокөлік бөлшектерін жымқырып, темір сатып алатындарға небәрі 50 мың теңгеге сатып жіберген. Бүгінгі күні барлық ұрланған қөлік құралдары мен арба айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру