Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштық ер адам танысын ІІО-ға жұмысқа орналастырамын деп алдап кеткен

Сарыағаштық полицейлер ішкі істер органына жұмысқа тұрғызып беремін деп алдап, танысына 1,5 млн теңге шығын келтірген ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сарыағаш ауданында кезекті алаяқтық жайты орын алды. Атап айтсақ, Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Оның айтуынша, танысы ішкі істер органына жұмысқа тұрғызып беретінін айтқан. Және ол үшін жұмыс ақысына 1,5 млн теңге қаражат алған. Алайда жәбірленуші күдіктіден бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Түркістан полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Орта жастағы күдікті азамат жәбірленушіні алдап, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, полицейлер сезіктінің ешқандай жерде жұмыс жасамайтынын анықтады. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру