Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарысу АПБ-нің бастығы жедел алдын алу іс-шараларына қорытынды жасады

Сарысу АПБ-нің бастығы А.Алметов жедел алдын алу іс-шараларына қорытынды жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарысу ауданы аумағында ағымдағы жылдың қараша айының 24-30 аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында Сарысу ауданы аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс шарасы өткізілді.

Аталмыш іс шара барысында полиция бөлімінің есебінде тұрған барлығы 502 тұрғын үй араланып, әр түрлі санаттағы профилактикалық есебінде тұратын 50 адам тексерілді.Құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында, барлығы 144 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Жалпы құзырлы органдармен бірлескен аудан прокуратурасы, Жергілікті атқарушы органдар стратегиялық жоспарға сәйкес, “Қауіпсіз Қала”, “Учаске”, “Зорлық-зомбылықсыз 16-күн” акциясы және іс-шаралар бойынша біршама жұмыстар атқарылды.

– Құқық бұзушылыққа жол бермеу, алдын алу мақсатында жедел профилактикалық іс-шаралар ауданда әлі жалғасуда. Тұрғындар қашанда қауіпсіздікті сезініп, өздерін еркін, тыныш сезіну керек. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құқықтық тәртіп пен қоғамның қауіпсіздігі үшін 24 сағат қалтқысыз қызмет атқарып келеді.

Күнделікті жұмыстардың нәтижесінде көптеген құқық бұзушылықтар анықталуда, бұл ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жүргізіліп жатқан іс-шаралар. Аталған бағыттағы жұмыстар Полиция департаменті бастығының ұдайы бақылауында, – деді Сарысу АПБ-нің бастығы Асхат Алметов.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. Adi :

    Tek alga✊ Jumistarinizdin jemisin korinizder!

Жауап қалдыру