Сәтбаевта әйелді тонап кеткен күдікті анықталды
Сәтбаевта әйелді тонап кеткен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қыркүйек күні таңғы сағат 7.00 шамасында Ұлытау облысының ПД Сәтбаев қаласының полиция бөліміне Абай көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында әйел адамды тонап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, жәбірленуші 51 жастағы әйел таңертең үйден аялдамаға бет алған кезде белгісіз біреу кенеттен оның жанына жүгіріп жетіп, оның қолындағы құжаттары мен ақшасы бар сөмкені жұлып алып, қашып кеткен.
Полицейлер қаланың оқиға орнына іргелес аудандарын тексеріп, іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Көшелердің бірінде қызметтік көлікті байқап, қашып кетпек болған күдіктіні көріп, сол жерде қолға түсірді. Қылмыскер кінәсін мойындады. Сөмке тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттеме түріндегі санкция таңдалды.