Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаевта зейнеткерді 4 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды

Сәтбаевта зейнеткерді 4 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 желтоқсанда Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 79 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Зейнеткер банк картасына жиналған ақшаны шешіп алмақ болып, белгілі бір азаматтан көмек сұраған. Көмекке келген күдікті зейнеткерден пәтердің құжаттарын сұрап алған. Біраз уақыттан кейін күдіктінің зейнеткердің пәтерін өзіне рәсімдеп алғаны белгілі болды. Келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгені құрады.

Полицейлер – 63 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру