Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада тұрғыннан 300 мың теңге бопсалаған ер адам құрықталды

Ақмолада тұрғыннан ақша бопсалаған ер адам құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны жүгінді. Ер адам 2021 жылдың маусымынан бастап таныс емес ер адам қорқытып, одан 300 мың теңге көлемінде ақша талап ететінін хабарлады. Тұрақты қауіп-қатерден шаршаған жәбірленуші полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бұрын ҚР ҚК-нің 194-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған облыс орталығының 23 жастағы тұрғынын анықтады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру