Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сауда өкілі Өскемендегі ЖШС бірінің тауарын иемденді

Сауда өкілі Өскемендегі ЖШС бірінің тауарын иемденді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қ.ПБ Ертіс полиция бөлімінің “102” жедел арнасына қаланың ЖШС бірінің 43 жастағы директоры жүгініп, өткен жылдың қараша айынан бастап ағымдағы жылдың ақпан айына дейін Любовь есімді сауда өкілі өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жалпы сомасы екі миллион теңгеден астам сомаға сауда объектілері бойынша сату үшін берілген тауарды иемденгенін айтты.

Бұл ретте ол жалпы сомасы 110 мың теңгеден асатын сатылған тауар үшін төлем болып табылатын ақша қаражатын заңсыз иемденді.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары полиция бөлімшесіне 38 жастағы күдіктіні жеткізді, ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру