Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саяжайда шымкенттік тыйым салынған өсімдікті өсірген

Шымкент қаласының тұрғыны құрамында есірткі заттары бар өсімдік өсіргені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 маусымда Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2020» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында қала шетіндегі саяжайда жергілікті тұрғынның үйінде құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру жайтын анықтады.

Сараптама нәтижелері бойынша аталған өсімдіктер «қарасора» есірткі түрлеріне жататынын растады.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру