Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей полицейлері жоғалған қызды тауып, анасына табыстады

Семей полицейлері жоғалған қызды тауып, анасына табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 ақпан күні сағат 13.23-те “102” жедел арнасына Семей қаласының 36 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 жастағы қызы 10 ақпан күні үйінен шығып кеткенін, содан кейін оралмағанын айтып, көмек сұраған. Өз бетінше іздеулер оң нәтиже бермегендіктен, полицияға жүгінген.

Аталған дерек бойынша Семей гарнизонының полицейлері дабыл белгісі бойынша көтеріліп, қыздың белгілері туралы қысқаша мәліметтерді алып, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәмелетке толмаған қыздың кіммен байланыста болғанын, сондай-ақ оның барып журген жерлерін іздеуге кірісті. Полиция қызметкерлерінің жүргізген нәтижелі жұмыстарының арқасында 17 жастағы қыз аман-есен табылып, дін-аман ата-анасына табысталды.

Тәртіп сақшыларының жедел әрекетіне тәнті болған қыздың анасы алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру