Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей қаласында ҚАЖ қызметкерлері “Мейірімділік керуенін” жүргізді

Семей қаласында қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері “Мейірімділік керуені” акциясын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласындағы қатаң режимді колония қызметкерлері әдеттегідей жағдайлары төмен, жетім балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған аналар мен әкелерге “Мейірімділік керуені” акциясы аясында материалдық көмек көрсетті.

– Жұбайым қайтыс болғанда, кіші ұлым не бәрі бес айлық нәресте еді. Қазір ол бес жаста. Үш балам бар. Баспанамыз бар, бірақ жұмыссызбын. Тұрақты жұмыс істеу үшін балаларды үйде жалғыз тастай алмаймын. 1-сыныпта оқитын қызымды да мектепке апарып, қайта алып қайту керек. Күтуші жалдауға қаражат та жетпейді. Құрылыс жұмыстарын жасаймын, қолма-қол ақшаға, – деді Даурен.

– Қызым медицина колледжін “қызыл дипломға” бітірейін деп жатыр. Соған 2021 жылдың оқу ақысын төлеуге қиналып, мекеме қызметкерлеріне өтінішпен шыққан едім. Өтінішімді жерге тастамай, бүгінде ақшалай көмек алдым. Бес баламен екі бөлмелі пәтерді жалдап тұрамын. Айына 60 мың теңге төлеймін. Кешкі уақытта маңайдағы үйлердің подъездерін жуып, ақша аламын. Бар байлығым – балаларым. Бәрі оқу озаттары, – деді Жанаргул.

Көмек қолын әрқашан созуға дайын екенін жеткізген мекеме қызметкерлері, әрбір жанұяға көмек беретіндіктерін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру