Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей тұрғыны есірткі сақтағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Семей тұрғыны есірткі сақтағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен Семей қаласының 46 жастағы тұрғынын теміржол көпірінің жанында ұстады.

Жеке тінту барысында күдіктіден жалпы салмағы 220 грамм гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Жалмағамбет айтты. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол жабайы қарасора өсімдіктерін жинап алып, өз үйінің сарайында есірткі затын қолмен жасап, одан әрі жеке пайдалану үшін сақтаған.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Семей қаласының №2 сотының шешімімен құқық бұзушыға 3 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды. Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері 375 есірткі құқық бұзушылығын анықтаған, оның ішінде 29 дерек өткізу бойынша, 23-і – аса ірі көлемде сақтау фактісі.  Заңсыз айналымнан 426 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру