Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері айыппұлы төленбеген автокөлік жүргізушілерін анықтады

Түркістан облысының полицейлері айыппұлы төленбеген автокөлік жүргізушілерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушілерінде төленбеген айыппұлдары бар көлік құралдарын анықтауда.

Мәселен, Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығынан полицейлерге “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасы арқылы Lada 21114 автокөлігіне дабыл келіп түсті. Онда көліктің 1 миллион теңгеден астам берешегі бары көрсетілген. Патрульдік полиция инспекторлары қызмет атқару барысында, аталмыш көлікті Сарыағаш ауданындағы Сарыағаш – Жетісай – Жібек жолы тас жолында тоқтатты. Тәртіп сақшылары автокөлікті айыптұраққа кіргізіп, жүргізушімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тәртіп сақшылары бірнеше сағаттан кейін 4,5 миллион теңге қарызы бар тағы бір жүргізуші-борышкерді анықтады.

Жедел басқару орталығына “Қорғау” бағдарламасы мен “Сергек” камералары арқылы Mercedes-Benz автокөлігіне дабыл түсті. Аталған көлікті тоқтату үшін патрульдік полиция қызметкерлеріне нақты деректер берілді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары Сарыағаш – Жетісай – Жібек жолы автожолының 213-шақырымында аталған көлікті тоқтатып, айыптұраққа қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру