Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайдағы сауда үйінде азаматтарға балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды

Қостанайдағы сауда үйінде азаматтарға балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Қостанай облысының полициясы ұсақ бұзақылық фактілерін жасаған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мұндай жайт өткен жылмен салыстырғанда 25,3%-ға көп болып тұр.

– Мысалы, 21 қарашада Қостанай қаласының 57 жастағы тұрғыны сауда үйінде өзге адамдарға балағат сөздер айтқан. Бұл оның осыған ұқсас екінші бұзақылығы екен. Ол үшін тұрғын қамауға алынады. Шешімді әкімшілік сот қабылдайды. Сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға байланысты құқық бұзушылықтар да өскен. Өткен жылы 2200-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, биыл бұл көрсеткіш 3 мыңға жетті. Бұл құқық бұзушылықтар көбінесе ЖБО-ның бейнебақылау камераларының көмегімен анықталады. 80% жағдайда тұрғындар темекі тұқылын тастайды. Сондай-ақ азаматтар қоғамдық орындарды ұсақ қоқыстармен, кәмпиттің қағаздарымен ластайды, – деді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Мақсұт Ералиев.

Қостанай облыстық ПД қазіргі уақытта өңірде “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу шарасы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның шеңберінде қалалар мен аудан орталықтарының көшелерінде қоғамдық тәртіпті сақтауға ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру