Семей тұрғыны колония аумағына 3,5 литр спирт лақтырмақ болды
Семей тұрғыны колония аумағына 3,5 литр спирт лақтырмақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семейдегі колония аумағына спирт лақтырмақшы болған азамат ұсталды. 58 жастағы Семей қаласының тұрғынын колонияның бейнебақылау бекетінің қызметкерлері байқап, оны Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №19 мекемесінің қызметкерлері оқиға орнында ұстады.
Ер адам әр ыдыста 0,5 литр спирті бар жеті пластик бөтелкелерді колонияның ескерту және негізгі қоршауларынан асырып, ішке қарай лақтырмақ болған.
– Семей қаласының тұрғыны өзіне бейтаныс адам осы заттарды ақшалай сыйақы үшін лақтыруды сұрағанын мойындады. Қазіргі уақытта “жеткізушіге” қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - деп түсіндірді мекеменің тәртіп бөлімі тексеру тобының жедел уәкілі Кенжебек Нұрсейітов.