Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде 5 жасар бала өзін және қарындастарын құтқарып қалды

Семейде 5 жасар бала өзін және қарындастарын құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күйіктің иісін сезген кезде балалар үйде жалғыз өздері болған еді. Сол уақытта үлкен баласы “102” арнасына қоңырау шалады. Семей қаласы ПБ Әуезов полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Мерхат Абишев дереу көмекке келді. Жер үйдің ішіндегі балалар сырттарынан құлыптанған еді. Ата-аналарымен де байланысқа шығу мүмкін болмады.

Бірінші болып келген полиция қызметкері балалармен ашық терезе арқылы және құтқару қызметі бейнеқоңырау арқылы байланыста болды. Ашық өрттің жоқ екеніне көзі жеткен тәртіп сақшысы ағайындыларға психологиялық көмек көрсете бастайды.

Куәгерлердің қатысуымен құтқарушылар бригадасы арнайы құралдардың көмегімен кіреберіс есіктің құлпын бөлшектектеп бұзады. Балалар дәрігерлерге тапсырылды. Осы кезде үлкен қызын қосымша сабақтардан алып, анасы оралды. Ал әкесі сол уақытта жұмыста болған. Балалар облыстық балалар ауруханасына жөнелтіліп, онда дәрігерлердің тексерулерінен кейін жеңіл көміртегі тотығымен уланудың алдын ала диагнозы қойылды. Ағайындылардың жағдайы тұрақты. Ата-аналармен әңгіме жүргізілді.

Учаскелік полиция қызметкері өзін ерлік жасадым деп санамайды, бар болғаны өз міндетін орындадым деп есептейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру