Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде алаяқ төлемақы ретінде тұрғынның 700 мың теңгесін алып кеткен

Семейде алаяқ алдын ала төлемақы ретінде тұрғынның 700 мың теңгесін алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 10 қарашасында Семей қаласының 33 жастағы тұрғыны Әуезов полиция бөліміне жүгініп, тамыз айының басында үйінің ауласында белгісіз адам онымен әңгімелесу барысында алдау және сенімге кіру арқылы өзінің ВАЗ-21060 маркалы автокөлігін жақсы бағаға сататынын айтып, уәде берген. Бірақ ол өзінің осы қызметі үшін алдын-ала төлем жасауды талап етіп, оның 700 мың теңге ақшасын иемденіп кетіп, уәде еткен көлікті бермеген. Жәбірленуші өзінің алданып қалғанын түсініп, бірден полицияға хабарлаған. Ол 27 жастағы бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары жалған сатушыға қатысты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

– Автокөлік, электронды және өзге де техниканы төмен бағамен және өте тиімді шарттармен сатып алғысы келетін азаматтар жиі алданып жатады. Осыған байланысты сіздерден өтінеріміз:

– белгісіз біреулерге ақша аударымдарын жүргізбеңіз немесе оларды алғанға дейін тауарлар мен қызметтерге ақы төлемеңіздер;

– аударымның бақылау нөмірін немесе аударым туралы қандай да бір ақпаратты Сіз жеке басын куәландырған алушыдан басқа ешкімге хабарламаңыз;

– алушының толық атын білмей, ақша жібермеңіз;

– автокөліктерді, электронды және тұрмыстық техниканы сату немесе нарықтық бағадан әлдеқайда төмен бағамен қызмет көрсету немесе сату үшін тиімсіз жағдайда қызмет көрсету туралы хабарландыруларға күмәнмен қарап, мұқият тексеріңіз, – деп ескертті Семей қ.ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру