Семейде балаларына 5 жыл бойы алимент төлемеген әке анықталды
Семейде балаларына 5 жыл бойы алимент төлемей жүрген әке анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Нелегал-2022» жедел алдын алу шарасы аясында Семей қалалық Полиция басқармасының Көші-қон қызметінің қызметкерлері алимент төлемей жүрген, өзінің 7 және 9 жастағы кәмелетке толмаған балаларына 5 жыл бойы ақша төлемеген, оларға 5 миллион теңге қарыз болған адамды анықтады.
– 29 маусымда іздестіру іс-шаралары барысында Көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде іздестіру бастамастан Бородулиха ауданында алимент төлеуден жалтарған 29 жастағы азаматтың тұрған жерін анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.
Жыл басынан бері полицейлер алимент төлемеген 100-ден астам адамды анықтады.
Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда ҚР ӘҚБтК 669-бабы бойынша және ҚР ҚК 139-бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін ескертеді.