Семейде жалған номер тағып алған лимузин жүргізушісі ұсталды
Семейде жалған номер тағып алған лимузин жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусымы күні соңғы қоңырау мен балалар күні мерекесіне орай қаланы патрульдеу барысында Семей қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мектеп бітіруші түлектерді тасымалдап жүрген Hammer лимузин автокөлігін тоқтатты.
Нәтижесінде автокөлік иесінің жалған номер тағып алғандығы анықталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жолданды.
Осы баптың санкциясы бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға және бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келіп соғады.