Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері бір апта бұрын жоғалып кеткен ер адамды іздеп жатыр

Ақмола полицейлері бір апта бұрын жоғалып кеткен ер адамды іздеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық қорғау органдары 33 жастағы хабар-ошарсыз кеткен Қанат Бауыржанұлы Тілеубаевты іздеуде көмек сұрайды. Ер адам 24 мамыр күні белгісіз бағытта кеткен. Берілген түсініктер бойынша ол сағат 18:00-де Астана қаласына кеткен. Оның орналасқан жері әлі де белгісіз. Содан бері ол туралы ешқандай ақпарат пен жаңалық жоқ. Ер адам хабар-ошарсыз жоғалған деп жарияланды.

33 жастағы хабар-ошарсыз кеткен ер адамды іздеуге Қосшы қаласы ПБ, шекаралас аудандар мен Астана қаласы ПД ЖБО жеке құрамы мен берілген күштері бағдарланған.

Белгілері: бойы шамамен 180 см, салмағы 80-85 келі, дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа және модельді кесілген. Ерекше белгілері: бала кезінен сол көзі жоқ.

Ол соңғы рет оны көргенде ол тізесіне дейін көк түсті джинсы шортыда, аяғында қара түсті аяқ киімде болған.

Егер біреу жоғарыда аталған адам туралы қандай да бір ақпарат білсе, 8 (716-51) 79-721, “102” немесе 8-705-657-65-55 телефон нөмірлері бойынша полицияға хабарласуды сұраймыз.
Құпиялылыққа кепілдік беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру