Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында көліктен телефон ұрлаған азамат анықталды

Түркістан облысында көліктен телефон ұрлаған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, автокөлік жуу орнында тұрған көлігінен 280 мың теңге тұратын Samsung телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен.

Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар келіп түскен бойда оқиға орнына бірден келіп жетті. Олар қылмысты ашуға бағытталған қажетті шараларды жүзеге асырды. Көшедегі бейнебақылау камераларын тексерді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, осы қылмысты жасаған күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті ер адам терезесі ашық тұрған көліктегі телефонды көріп, ойы бұзылған. Содан бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалайды. Қолды болған телефон тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру