Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейлік азаматша ұрлаған телефонын ломбардқа тапсырып жіберген

Семейде танысының ұялы телефонын ұрлап алып, ломбардқа тапсырып жіберген азаматша ұсталды,деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының ПБ Әуезов полиция бөліміне 36 жастағы ер адам ұрлық фактісі бойынша жүгінді, ол өзінің танысының ілгіште ілінген күртешесінің қалтасынан оның “Самсунг” ұялы телефонын жасырын ұрлап кеткенін хабарлады. Жәбірленушіге 60 000 теңге көлемінде залал келтірілген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 28 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті ұялы телефонды ломбардқа тапсырып үлгерген.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру