Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сенат Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілген түзетулерді мақұлдады

Сенат Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілген түзетулерді мақұлдады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулардың заң жобасы қаралды.

Онда “азаптау” ұғымы нақтыланады және алғаш рет қазақстандық заңнамаға “қатігез әрекеттер» түсінігі енгізіледі.

Түзетулержің барлығы алты бағытты қозғайды, олар арқылы қылмыстық сот төрелігі саласында адам құқықтарын іске асыру тетіктерін кеңейту жоспарланып отыр.

ҚР Конституциясына сәйкес ешкімге қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас немесе жаза қолданылмауы тиіс. Осыған байланысты, жаңа түзетулермен қатыгез қарым-қатынас жасағаны үшін құқық бұзушылық құрамы бөлек енгізіледі.

Бұл БҰҰ-ның азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясына жататын бөліктерде қолданыстағы заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылықтардың құрамына, атап айтқанда: ҚР ҚК-нің 106-бабы, 107-бабы (Денсаулығына ауыр зиян және ауырлығы орташа зиян келтірілуіне); саралау белгілері – кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау енгізіледі.

Осылайша, қылмыстың ауырлық дәрежесі күшейеді (107 -бап – орташа ауырлықтан, 3 жасқа дейін) және санкция артады (106 – бап қазір-3-тен 8-ге дейін, болады-6-дан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру).

Сондай-ақ бұрын жазасын өтеген адамдардан бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталғандарды бөлек ұстау енгізіледі. Бұл ретте соңғылары қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде ұсталатын болады.

Жекелеген түзетулер сотталғандардың денсаулығын сақтау құқығын іске асыруға және ауыр сырқаттар болған кезде адамгершілікпен қарауға қатысты. Енді сот жаза тағайындау кезінде сотталған адамда ауыр сырқат болған жағдайда бас бостандығынан айыру түрінде – кейінге қалдыруды қолдана алады. Осылайша сотталғандар азаматтық медициналық мекемелерде жедел ем алу мүмкіндігіне ие болады.

Қазір босату туралы норма бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандарға осы негіздер бойынша  қолданылады. Бұл ретте сот шешімін дереу орындау туралы норма көзделген (ҚІЖК-нің 471-бабы).

Қылмыстық-атқару кодексінде сотталған әйелдердің балаларымен үш жасқа толғанға дейін колонияларда болуы көзделген.

Алматы облысының Жауғашты кентінде балалар үйі бар мекеме жұмыс істейді. Әйелдер балаларын еш шектеусіз, жұмыстан бос уақытта көре алады.

Алайда, үш жасқа толғаннан кейін балалар жақын туыстарына немесе балалар үйіне беріледі.

Егер аналар босатылғанға дейін бір жылдан аз уақыт қалса, әлеуметтік байланыстарды сақтау мақсатында сотталған әйелдерге 4 жасқа дейінгі балаларды қалдыруға мүмкіндік беретін норма көзделеді.

Тағы бір түзету, оның ішінде дебюрократизацияға бағытталған, тергеу әрекетін бейнетіркеу кезінде егжей-тегжейлі хаттаманың орнына қысқаша хаттама жасау ұсынылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру