Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері өзгелердің атынан несие рәсімдеген алаяқты құрықтады

Түркістан облысының полицейлері өзгелердің атынан несие рәсімдеген алаяқты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне екі бірдей жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдердің айтуынша, олардың атынан белгісіз біреу онлайн-несие алған. Яғни, алаяқ алғашқы тұрғынның атынан 1 млн теңге алса, екіншіге 1,7 млн теңге несие шығарып алып, банкке қарыз еткен. Жәбірленушілер тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұраған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Арызданушылардың шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында түлкібастық полицейлер қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде, осы қылмысқа қатысты күдікті 1 апта ішінде анықталды. Сезіктіні полицейлер тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ол Түркістан қаласының тұрғыны, жұмыссыз жас жігіт болып шықты.

Полиция бөліміне жеткізілген күдікті WhatsApp желісі арқылы пайызсыз несие алып беремін деп, хабарландыру таратқаны белгілі болды. Оған сенген тұрғындар өздерінің жеке мәліметтерін берген. Әйелдердің атынан несие шығарып, мақұлдау алған алаяқ, жәбірленушілерге есепшотыңызға ақша түсті, тек ол 12 аймен берілді. Сіз ақшаны қайта салсаңыз, 24 айға бөліп төлейтін етіп беремін деп сендіріп, қаражатты қайта аудартып алған. Содан байланысқа шықпай, ізін суытқан.

Казір таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру