Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Серт” байқауының жеңімпазы Алматы академиясының курсанттарымен кездесті

“Серт” байқауының жеңімпазы Бекболат Сарбасов Алматы академиясының курсанттарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігінде 2021 жылдан бері Серт” детективтік шығармалар байқауы өткізіліп келеді. Шығармашылық конкурстың мақсаты – бүгінгі полиция қызметкерлерінің күрделі де қауіпті қызметіне қоғам назарын аудару. Жыл сайын аталған байқауға қатысқан авторлар құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қауіп пен қатерге толы, жанкешті еңбектерін детективтік шығармаларына арқау етіп, сол арқылы қоғам тыныштығы үшін күресіп жүрген қызметкерлерді Отан алдындағы міндеттерін адал және әділ орындауға жігерлендіруде.

Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясының курсанттары “Серт” байқауының бас жүлдесін жеңіп алған Бекболат Сарбасовпен кездесу өткізді.

Бекболат Сарбасов тек қиын да жауапты жанрға қалам тербеген жазушы ғана емес, өзі де полиция қатарында қызмет еткен азамат. 2024 жылғы “Серт” байқауының бас жүлдесі оған “Фартовый” детективтік шығармасы үшін берілді.

Кездесуге Бекболат Сарбасовпен бірге отставкадағы полиция подполковнигі Ергешбай Тухтабаев та қатысып, полиция қызметінің қыр-сырымен бөлісті.

Болашақ офицерлер де шығарма авторының “Фартовый” детективіндегі оқиғалардың барысы, полиция қызметкерлерінің қылмысты ашудағы кәсіби шеберлігі жайлы сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру