Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сервистік полиция: Қызылорда облысының полицейлері бұрын сотталғандарға жұмысқа тұруға көмектесуде

Қызылорда облысының учаскелік полиция инспекторлары бұрын сотталғандарға жұмысқа тұруға көмектесуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік полиция моделін масштабтау жұмыстары еліміз бойынша тиісті деңгейде жүргізілуде.

– Халықтың полицияға деген сенімін арттыру, қоғаммен сенімді серіктестік орнату бағытында енгізілген полицияның сервистік моделі өңірімізде тиісті деңгейде жүзеге асырылуда, – дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, полиция органдарының есебіне алынған адамдардың жүріс-тұрысына бақылау жасау, олардың тарапынан қайта қылмыстың жасалуына жол бермеу, бұрын сотты болғандарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету шаралары жүзеге асырылып келеді.

Атап айтқанда, бұрын сотты болғандардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мақсатында оларды бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатыстырып, тиісті мамандықтарымен жұмысқа орналасуына жағдай жасалуда.

Бұл ретте ведомствоаралық топпен Қызылорда қаласының әкімдігіне Тасбөгет кенті, Ақсуат және Ақжарма ауылдық округтерінің тұрғындарын және оның ішінде бұрын сотты болғандарды жұмыспен қамту үшін кент аумағында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру тапсырылған, жоспарланған жәрмеңке тиісті деңгейде өткізілді.

Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аймағындағы үнемі жанжал туындайтын тұрмысы төмен, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларды анықтап, оларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында жергілікті жұмыспен қамту орындарына тиісті ұсынымдар жолдауды тәжірибеге енгізді.

Сондай-ақ, жоба аясында Тасбөгет кенті тұрғындарының көзқарасын анықтау мақсатында 150 респонденттің қатысуымен әлеуметтанулық зерттеу жүргізілді. Осыған байланысты ведомствоаралық топ мүшелерімен қылмыстың алдын алу бағытында жарығы жоқ көшелерді жарықтандыруға, бейнебақылау камераларын орнатуға ұсыныс айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру