Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шахтинскіде автокөліктен бағалы заттар ұрлаған жігіт ұсталды

Шахтинскіде автокөліктен бағалы заттар ұрлаған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 наурыз күні Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөліміне 22 жастағы азамат арызбен шағымданды. Полиция қызметкерлеріне жәбірленуші белгісіз біреу автокөлігінің жанғы терезесін сындырып, көлік салонынан бағалы заттар ұрлап, сондай-ақ жүк салғыш бөлігінен аккумулятор, кілттер, дөңгелек, сонымен қатар матор майын қолды қылған. Оған келтірілген шығын көлемі 87 мың теңгені құраған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

25 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы жігіт ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру