Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шахтинскте зейнеткерді тонап кеткен адам қолға түсті

Шахтинскте зейнеткерді тонап кеткен адам қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне белгісіз біреу зейнеткерді тонап кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Шахтинск Пб-нің патрульдік полиция взводының жасағы жетті.

81 жастағы жәбірленуші дүкеннен қайтып бара жатқан уақытта белгісіз біреу кенеттен жүгіріп келіп, қолындағы азық-түлігін, ақшасы бар әмиянды жұлып алып, қашып кеткен. Шығын мөлшері шамамен алты мың теңгені құрайды.

Патрульдік полиция қызметкерлері күдікті 42 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, полицейлер заттай дәлелдемелерді – тамақ пен әмиян салынған сөмкені алып, жәбірленушіге қайтарып берді.

ҚР ҚК-нің 191 бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру