Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шаңырақ күні: ІІО ардагері отбасы құндылықтары туралы айтып берді

Ішкі істер органдарының ардагері Дүйсенғали Сүлейменов Шаңырақ күніне орай тату-тәтті отбасының қадір-қасиеті мен берекелі өмірдің мәні туралы ой бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дүйсенғали Сүлейменов жұбайы Рахимамен бірге жарты ғасырдан астам уақыт бойы өнегелі ғұмыр кешіп келеді. Биыл олардың отасқандарына 55 жыл толып отыр.

Ерлі-зайыптылар 1971 жылы шаңырақ көтеріп, ұл-қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде олар бес немеренің және бір шөберенің ардақты ата-әжесі.

Ардагердің айтуынша, берік отбасының негізі – сыйластық. Сонымен қатар өзара құрмет, қолдау және түсіністік отбасы татулығын нығайта түседі.

– Өмірде түрлі жағдайлар болады. Ең бастысы – өзара түсіністікті сақтап, бір-біріңді бағалау, – деді Дүйсенғали Сүлейменов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру