Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардара су қоймасынан 180 келі балықты аулаған ерлі-зайыптылар ұсталды

Түркістан полицейлері заңсыз 180 келі балықты аулаған ерлі-зайыптыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының инспекторы Шардара су қоймасынан браконьерлердің ұсталғаны жөнінде хабарлама жасады.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері су қоймасында балық аулайтын ау торымен заңсыз балық аулап жатқан ерлі зайыптыларды анықтады. Полиция қызметкерлері екі күдіктіні істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді. Олардан 180 келі балық пен балық аулау құралдары алынды. Бүгінде екі азаматтан айғақты заттар тәркіленді.

Сондай-ақ тексеру барысында күдіктілердің Шардара қаласының тұрғындары екені белгілі болды. Яғни ерлі-зайыптылар аулаған балықтарын сатып, қомақты қаржыны иемденгілері келген.

Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру