Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардара тұрғыны таныстарын жұмысқа орналастырып беремін деп алдап кеткен

Шардара тұрғыны таныстарын жұмысқа орналастырып беремін деп алдап кеткен. Жәбірленушілер 2 млн теңгеге шығынға ұшырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар шағымданған. Жәбірленушілердің айтуынша, ортақ таныс әйел жұмысқа орналастырып беремін деген желеумен сенімдеріне кіріп, жалпы сомасы 2 млн теңгеге жуық қаржыларын алып, қашып жүрген. 

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алып, дереу жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру