Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардарада заңды қаскөйлікпен бұзған есептегі сотталған қамауға алынды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Шардара аудандық пробация қызметінің есебіне 2022 жылы тіркелген Е. есімді азамат тіркеуден шығуына 14 ай 29 күн қалғанда заңды қаскөйлікпен бұзды. Енді бұл азамат жазасының өтелмеген бөлігін темір торда өтейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметінің бақылауына алынған бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғанғандардың арасында заңды қаскөйлікпен бұзып, абақтыға қамалатындар кездеседі.

Аудандық судя Жанат Қарымсақовтың сөзінше, пробация қызметінің бақылауына алынған сотталғандардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында сот отырысына сотталғандарды да қатыстырады.

– Осындай жұмыстың нәтижесінде соңғы кездері бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған сотталғандардың қайта қылмыс жасауы азайып келеді. Сондықтан да, сотталған азаматтардың қайта қылмыс жасамауы басты назарда, – деді Жанат Қарымсақов.

– Бұл азаматқа пробация қызметіне тіркеуге алынған күні сот жүктеген міндеттер түсіндірілген болатын. Егер заңға бағынбаған жағдайда сот бойынша қамауға алынатыны да ескертілді. Өкінішке орай бұл азамат заң талаптарын орындамай, пробациялық бақылауға келмей, кешкі уақытта үйінде болмады. Пробация есебіне тіркелген азамат өзіне заң бойынша жүктелген міндеттерді бұзбағаны дұрыс. Өзінің жасаған қылмыснан сабақ алғаны абзал. Өзінің артынан ерген ізбасарларына әрбір әке үлгі болуы қажет. Себебі, әрбір бала біздің болашағымыз, – деді Шардара аудандық пробация кызметінің аға инспекторы Рахымжан Зияханов.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты жиырмаға жуық пробация қызметі бар. Бір пробацияда кем дегенде жүзге жуық сотталған есепте тұр. Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтар болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзатын сотталған азаматтарда кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру